«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының шорт - листіне енген шығармалар белгілі болды

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының 

шорт - листіне енген шығармалар белгілі болды



Байқаудың қазылар алқасы тұңғыш рет тағайындалып отырған ұлттық әдеби сыйлықтың номинанттар тізімін анықтады. Конкурстың жалпы жүлде қоры 35 млн теңгені құрайды, әр номинация бойынша жеңімпаз 5 млн теңгеден иеленеді.
7 аталым бойынша («Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік көркем аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік комикс», «Үздік кітап дизайны» номинациялары) жарияланған байқауға барлығы 402 өтінім келіп түсті. Оның ішінде қазылар алқасының таңдауымен 49 шығарма (әр номинация бойынша 7 шығармадан) байқаудың шорт-листіне енді.
Жеңімпаздардың есімі ертең, яғни 6 желтоқсанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында жарияланады.
Шорт-листке енген шығармалар тізімімен танысуды ұсынамыз:
ШОРТ-ЛИСТКЕ ЕНГЕН ШЫҒАРМАЛАР
«ҮЗДІК ПОЭЗИЯ» номинациясы бойынша барлығы 89 өтінім қабылданды. Оның ішінде шорт-листке енген шығармалар:
  1. «Алмас қылыш» өлеңдер топтамасы. Авторы Бахытжан Раисова;
  2. «Мидағы код» өлеңдер топтамасы. Авторы Серік Ақсұңқарұлы;
  3. «Дневник ночей» өлеңдер топтамасы. Авторы Ольга Шиленко;
  4. «Басы жоқ мүрде» өлеңдер топтамасы. Авторы Қуаныш Жасай;
  5. «Тобылғы түсті толғауым» өлеңдер топтамасы. Авторы Аманкүл Пішенбайқызы;
  6. «Жұмбақ арал» шығармасы. Авторы Батырхан Сарсенхан;
  7. «Екінші әлем» поэмасы. Авторы Жанат Жаңқашұлы.
«ҮЗДІК ПРОЗА» номинациясы бойынша барлығы 128 өтінім қабылданды. Оның ішінде шорт-листке енген шығармалар:
  1. «Тырнақ» әңгімесі. Авторы Айгүл Кемелбаева;
  2. «Айғайтас» романы. Авторы Тұрысбек Сәукетаев;
  3. «Шымқай-қара» шығармасы. Авторы Тұңғышбай Төрегелдиев;
  4. «Тағы мен тау баласы» повесті. Авторы Марат Жолдасбеков;
  5. «Фартовый» шығармасы. Авторы Бек Сарбас;
  6. «Жаңа дәуір жампоздары» әңгімелер циклі. Авторы Қуаныш Жиенбай;
  7. «Кітап патшалығына саяхат» хикаяты. Авторы Нұрбек Нұржанұлы.
«ҮЗДІК ДРАМАТУРГИЯ» номинациясы бойынша барлығы 35 өтінім қабылданды. Оның ішінде шорт-листке енген шығармалар:
  1. «Космостар» пьесасыАвторы Наталья Махно;
  2. «Бөрібай» пьесасы. Авторы Айдын Рысбекұлы;
  3. «Мың мен жалғыз...» пьесасы. Авторы Талғат Теменов;
  4. «Жаза» пьесасы. Авторы Думан Рамазанұлы;
  5. «Кемпір алып қашу» пьесасы. Авторы Исраил Сапарбай;
  6. «Шах-Махмұт» пьесасы. Авторы Елен Әлімжан;
  7. «Елім десем...» пьесасы. Авторы Жолтай Әлмашұлы.
«ҮЗДІК АУДАРМА» номинациясы бойынша барлығы 24 өтінім қабылданды. Оның ішінде шорт-листке енген шығармалар:
  1. Эрих Мария Ремарктың «Махаббат декадансы» әңгімесі.  Аударған Аклима Исмаил;
  2. Лесли Ньюманның «Хатико. Иесін күткен ит» повесті. Аударған Баян Хасанова;
  3. Джек Лондонның «Арыстан адамның хикаясы», Оливер Генридің «Кактус», «Бақбақ гүл сезім», «Тұтқындағы маршал», «Шатырдағы бөлме», Оскар Уайлдтың «Миллионер қайыршы», Чарль Диккенстің «Таңғажайып саяхат», Эдгар Аллан Поның «Иірім», «Менің аттасым», «Ұрланған хат», Стивен Ликоктың «Менің есепшотым» шығармалары. Аударған Алпамыс Файзолла;
  4. Стефан Цвейгтің «Амок», «Бақилық ағаның көз жасы» новеллалары. Аударған Кенжебай Ахметов;
  5. Антон Чеховтың «Қыз жасауы», «Жанашыр жауыз», «Тұманды Альбионның қызы» әңгімелері. Аударған Мәди Әсетұлы
  6. «Неміс тіліндегі ертегілер мен аңыздар» топтамасы. Аударған Шолпан Бәйнеш;
  7. Уильям Шекспирдің «Жазғы түнде көрген түс» шығармасыАударған Үрила Кеңесбаева.
«ҮЗДІК БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ» номинациясы бойынша барлығы 72 өтінім қабылданды. Оның ішінде шорт-листке енген шығармалар:
  1. «Киік киесі» хикаяттар мен әңгімелер топтамасы. Авторы Өтеш Қырғызбаев;
  2. «Бала Кенен» әңгімесі. Авторы Есболат Айдабосын;
  3. «Іздер құпиясы» детективтік романы. Авторы Бекен Ыбырайым;
  4. «Аққұба бала Майкл Джексонға айналады» шығармалар топтамасы. Авторы Қанат Әбілқайыр;
  5. «Өсер елдің баласы» ертегілер, әңгімелер мен хикаяттар топтамасы. Авторы Заря Жұманова;
  6. «Мейір мен Ғаламаттың бастан кешкендері» қиял-ғажайып повесті. Авторы Пернебек Дүйсенбин;
  7. «Бұлбұл жайлы ертегі» шығармасы. Авторы Жанатбек Тұрғанбаев.
«ҮЗДІК КОМИКС» номинациясы бойынша барлығы 13 өтінім қабылданды. Оның ішінде шорт-листке енген шығармалар:
  1. «Жарық пен түнек» комиксі. Авторы Зәуре Төрехан;
  2. «Қабанбай батыр» комиксі. Авторы Азат Шәуеев;
  3. «Әлихан мен Әйкерім саяхаты» комиксі. Авторы Сәуле Бурбаева;
  4. «Бөгенбай батыр» комиксі. Авторы Азат Шәуеев;
  5. «Түс көретін робот» комиксі. Авторы Досхан Жылқыбай;
  6. «Жетпіс палуан» комиксі. Авторы Жантас Набиоллаұлы;
  7. «Жұрттың баласы» комиксі. Авторы Айсұлу Талқанбай.
«ҮЗДІК КІТАП ДИЗАЙНЫ» номинациясы бойынша барлығы 41 өтінім қабылданды. Оның ішінде шорт-листке енген шығармалар:
  1. «Тау-Қайнар» баспасының «VIZIT TURKISTAN» кітабы;
  2. «AmalBooks» баспасының «Кенесары хан уа сұлтан Сыдық» кітабы;
  3. «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының «Ecosophy немесе киелі табиғат» кітабы;
  4. «RUAN» баспа компаниясының «Ұмай Ана» кітабы;
  5. Әлем халықтары жазушылары одағының «Әлем халықтары жазушылары одағының антологиясы» (1-2 том) кітабы;
  6. «Ақнұр Сапа» баспасының «Забытые мыслители Великой степи (ІХ-ХХвв)» кітабы;
  7. «Muqaba» баспасының «Берекелі бизнестің сыры» кітабы.






Тапсырыс беру
Онлайн нысанды толтырыңыз және кеңес алыңыз
Біздің қызметкер Сізге хабарласады.
Aiboz.KZ© 2022. Айбоз - Барлық құқық қорғалған. Техникалық қолдау +77075327722